Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 491 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
491-бап. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша жауаптылық

1. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайларда энергиямен жабдықтаушы ұйым мен абонент осыдан келтiрiлген нақты залалды өтеуге мiндеттi (осы Кодекстiң 9-бабының 4-тармағы).  

2. Егер заңдар негiзiнде жүзеге асырылған энергия тұтыну режимiн реттеу нәтижесiнде абонентке энергия беруде үзiлiс жасалған болса, энергиямен жабдықтаушы ұйым өзi кiнәлi болған жағдайда шарт мiндеттемелерiнiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшін жауапты болады.
Статья 406 ...489 490 491 492 493 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 491-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409