Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
496-бап. Кредит берушiлердiң кәсiпорынды сату кезiндегi құқықтары



Ст. 496 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Сатушы сатылатын кәсiпорынның құрамына енгiзiлген мiндеттемелер жөнiнде кәсiпорын сатып алушыға берiлгенге дейiн оны сату туралы кредит берушiлерге жазбаша түрде хабарлауға тиiс.  

2. Борышты аударуға өз келiсiмiн беру туралы сатушыға жазбаша хабарламаған кредит берушi кәсiпорынның сатылатындығы туралы хабар алған күннен бастап үш ай iшiнде мiндеттемелердi тоқтатуды немесе мерзiмiнен бұрын орындауды және сатушының осыдан келген залалдарды өтеуiн не кәсiпорынды сату шартын толық немесе оның тиiстi бөлiгiн жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.  

3. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiп бойынша кәсiпорынды сату туралы хабардар етiлмеген кредит берушi сатушының кәсiпорынды сатып алушыға бергендiгi туралы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап бiр жыл iшiнде, осы баптың 2-тармағында көзделген талаптардың қанағаттандырылуы туралы талап қоя алады.  

4. Кәсiпорын сатып алушыға берiлгеннен кейiн кредит берушiнiң келiсуiнсiз сатып алушыға аударылып, берiлген кәсiпорынның құрамына енгiзiлген борыш үшiн сатушы мен сатып алушы бiрдей жауап бередi.

Статья 406 ...494 495 496 497 498 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 496-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409