Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
499-бап. Кемшiлiктерi бар кәсiпорынды беру мен қабылдаудың салдары



Ст. 499 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Кәсiпорынды өткiзу актiсi бойынша құрамы шартта көзделгенге сәйкес келмейтiн кәсiпорынды сатушының беру және сатып алушының қабылдау салдары, соның iшiнде берiлген мүлiктердiң сапасына қатысты салдары, егер шарттан өзгеше туындамаса және ол осы баптың 2-4-тармақтарында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 413-415, 419, 422, 428, 432-баптарында көзделген ережелер негiзiнде айқындалады.  

2. Кәсiпорынның анықталған кемшiлiктерi және жоғалған мүлiк туралы мәлiметтер көрсетiлген өткiзу актiсi бойынша кәсiпорын берiлген және қабылданған жағдайларда (осы Кодекстiң 497-бабының 1-тармағы), егер мұндай жағдайларда өзге талаптар қою құқығы шартта көзделмесе, сатып алушы кәсiпорынның сатып алу бағасын тиiсiнше кемiтудi талап етуге құқылы.  

3. Кәсiпорынның құрамында сатушының шартта немесе өткiзу актiсiнде көрсетiлмеген борышы (мiндеттемелерi) өзiне берiлген жағдайда, егер сатушы шарт жасасу және кәсiпорынды беру кезiнде осы борыш (мiндеттемелер) туралы сатып алушының бiлгендiгiн дәлелдей алмаса, сатып алушы сатып алу бағасын кемiтудi талап етуге құқылы.  

4. Сатушы берiлген кәсiпорынның құрамындағы мүлiктердiң жетпейтiндiгi немесе берiлуге тиiс мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң жоқ екендiгi туралы сатып алушыдан хабар алған жағдайда тиiсiнше сапалы емес мүлiктi кешiктiрмей алмастыруға немесе сатып алушыға жетпейтiн мүлiктi беруге тиiс.  

5. Егер сатушы жауап беретiн кемшiлiктердiң салдарынан кәсiпорын сату шартында аталған мақсаттарға жарамсыз болып шықса және сатушы ол кемшiлiктердi осы Кодекске, заң актiлерiне немесе шартқа сәйкес белгiленген жағдайларда, тәртiп пен мерзiмде жоймаған болса, не кемшiлiктердi жою мүмкiн болмаса, сатып алушы сот тәртiбiмен кәсiпорынды сату шартын бұзуды немесе өзгертудi және тараптардың шарт бойынша орындаған нәрсесiн қайтарып берудi талап етуге құқылы.


Статья 406 ...497 498 499 500 501 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 499-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409