Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
506-бап. Сыйға тарту шарты



Ст. 506 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты не өзiне немесе үшiншi тұлғаға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi. 

Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде сыйға тарту шарты маңызсыз болып саналады. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген қағидалар қолданылады.  

2. Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды.  

Нақты сыйға тарту затын зат және құқық түрiнде көрсетпей немесе мiндеттен босатпай өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру маңызсыз болады. 

3. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейін сый алушыға сый беруді көздейтін шарт маңызсыз болады. 

Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады. 

Ескерту. 506-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 406 ...504 505 506 507 508 ...1124

Перейти к статье







Добавить комментарий к 506-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409