Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 520 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
520-бап. Қозғалмайтын мүлiкке рента жүктеу

1. Рента жер учаскесiне, сондай-ақ оны төлейтiн етiп берiлген кәсiпорынға, үйге, ғимаратқа немесе басқа да қозғалмайтын мүлiкке құқық жүктейдi. Рента төлеушi осындай мүлiктi иелiктен айырған жағдайда оның рента шарты бойынша мiндеттемелерi мүлiктi сатып алушыға ауысады.  

2. Рента жүктелiп берiлген, осы баптың 1-тармағында аталған мүлiктi басқа тұлғаның меншiгiне берген тұлға, егер осы Кодексте, басқа да заң актiлерiнде немесе шартта осы мiндеттеме бойынша бiрдей жауапкершiлiк көзделмесе, рента алушының рента шартының бұзылуына байланысты туған талаптары бойынша субсидиарлық жауапты болады (осы Кодекстiң 357-бабы).

Статья 406 ...518 519 520 521 521‑1 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 520-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409