Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
545-бап. Мүлiктік жалдау шартының мерзiмi



Ст. 545 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Мүлiктік жалдау шарты шартта белгiленген мерзiмге жасалады.  

2. Егер мүлiктік жалдау шарты мерзiмi көрсетiлмей жасалса, ол белгiсiз мерзiмге жасалған деп есептеледi.  

Қозғалмайтын мүлiктi жалдаған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, әрбiр тарап екiншi тарапқа үш ай бұрын ескертiп, мұндай шарттан кез келген уақытта және өзге мүлiктi жалдаған жағдайда, бiр ай iшiнде бас тартуға құқылы.  

3. Заң актiлерiнде мүлiктік жалдаудың жекелеген түрлерi үшiн, сондай-ақ мүлiктiң жекелеген түрлерiн жалдау үшiн шарттың барынша ұзақ (шектi) мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Мұндай жағдайларда, егер шартта жалдау мерзiмi белгiленбесе және заң актiлерiнде белгiленген шектi мерзiм бiткенге дейiн тараптардың ешқайсысы шарттан бас тартпаса, шарт шектi мерзiмiнiң бiтуiне қарай тоқтатылады.  

Бұл жағдайда заң актiлерiнде белгiленген шектi мерзiмнен асатын мүлiктік жалдау шарты барынша ұзақ (шектi) мерзiмге тең етiп жасалған деп есептеледi.

Статья 406 ...543 544 545 546 547 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 545-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409