Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
547-бап. Мүлiктi жалға алушыға беру



Ст. 547 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Жалға берушi мүлiктi жалға алушыға шарт талаптары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес келетiн күйде беруге мiндеттi.  

2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiк жалға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты құжаттармен (мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртiбiн куәландыратын және т.б. құжаттармен) бiрге берiледi.  

Егер мұндай керек-жарақтар мен құжаттар берiлмеген болса, алайда жалға алушы мүлiктi оларсыз мақсатқа сәйкес пайдалана алмаса не шарт жасасу кезiнде үмiт етуге құқығы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылатын болса, ол өзiне жалға берушiден мұндай керек-жарақтар мен құжаттарды берудi немесе шартты бұзуды талап ете алады.  

3. Егер жалға беруші жалға берiлген мүлiктi жалға алушыға шартта көрсетiлген мерзiмде бермесе, ал шартта мұндай мерзiм көрсетiлмесе, жалға алушы қисынды мерзiмде одан осы Кодекстiң 355-бабына сәйкес сол мүлiктi талап етуге немесе шартты бұзуды талап етуге құқылы.


Статья 406 ...545 546 547 548 549 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 547-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409