Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
551-бап. Жалға алушының жалға алған мүлiкке билiк ету шегi



Ст. 551 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жалға алушы жалға берушiнiң келiсiмiмен жалға алған мүлiктi қосымша жалдауға (қосалқы жалға алу), мүлiктiк жалдау шарты бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға беруге (қайта жалға беру), жалға алған мүлiктi тегiн пайдалануға беруге, сондай-ақ осы құқықтарды кепiлге беруге және оларды шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде салуға құқылы. Аталған жағдайларда, қайта жалға берудi қоспағанда, жалға алушы жалға берушiнiң алдында шарт бойынша жауапты болып қала бередi.  

2. Мүлiктi басқа тұлғаларға беру туралы шартты жалдау шартының мерзiмiнен асатын мерзiмге жасауға болмайды.  

3. Қайта жалға беру шартына, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мүлiктік жалдау шарты туралы ережелер қолданылады.

Статья 406 ...549 550 551 552 553 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 551-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409