Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
552-бап. Жалға берушiнiң жалға берiлген мүлiктi ұстап-тұту жөнiндегi мiндеттерi



Ст. 552 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Жалға берушi жалға берiлген мүлiкке тараптармен келiсiлген мерзiмдерде, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өз есебінен күрделi жөндеу жүргiзуге мiндеттi.  

2. Жалға алушы жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайда болып, шұғыл қажеттiлiк туғызған жөндеудi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушi қисынды мерзiмдерде өз есебiнен жүргiзедi.  

3. Жалға берушiнiң күрделi жөндеу жөнiндегi мiндеттерiн атқармауы жалға алушыға өз қалауы бойынша:  

1) жөндеудi өз бетiнше жүргiзуiне және жөндеу құнын жалға берушiден өндiрiп алуына;  

2) жөндеу құнын шарт бойынша төлемнiң есебiне есептеуiне;  

3) шарт бойынша төлемдi тиiсiнше азайтуды талап етуiне;  

4) шарттан бас тартуына құқық бередi.

Статья 406 ...550 551 552 553 554 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 552-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409