Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
567-бап. Лизинг шартының елеулi талаптары



Ст. 567 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




Лизинг шартында, осы Кодекстiң 542-бабында аталған талаптардан басқа, мынадай талаптар болуға тиiс:  

1) мүлiктi сатушының атауы;  

2) лизинг алушыға мүлiктi берудiң талаптары мен мерзiмi;  

3) төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгi;  

4) шарт мерзiмi;  

5) егер шартта лизинг алушының меншiгiне мүлiктiң көшуi көзделсе, осындай көшудiң талаптары; 

6) ауыртпалықтардың бар-жоғы. 

Қаржы лизингі шартының елеулі талаптары "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді. 

Ескерту. 567-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 406 ...565 566 567 568 569 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 567-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409