Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
572-бап. Сатушының жауапкершiлiгi



Ст. 572 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Лизинг алушы лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушыға - сатушы мен лизинг берушiнiң арасында жасалған сатып алу-сату шартынан туындайтын, атап айтқанда, мүлiктiң сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты және сатушы шартты тиiстi түрде орындамаған басқа да жағдайларда туындайтын талаптарды тiкелей қоюға құқылы. Бұл орайда лизинг алушы аталған мүлiктi сатып алу-сату тарабы болғанда сатып алынған мүлiкке ақы төлеу мiндетiн қоспағанда, оны сатып алушы үшiн осы Кодексте көзделген құқықтары болады және міндеттемелердi мойнына алады.  

Сатушымен қатынастарда лизинг алушы мен лизинг берушi бiрлескен кредит берушi болады.  

2. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны таңдау  

құқығы лизинг алушыда болған жағдайларды қоспағанда, лизинг берушi лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн жауап бермейдi. Сатушыны лизинг берушi таңдайтын жағдайда лизинг алушы сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды тiкелей өз қалауы бойынша бiрдей жауап беретiн мүлiктi сатушыға да, лизинг алушыға да қоюға құқылы.  

Параграф 3. Кәсiпорынды жалдау


Статья 406 ...570 571 572 573 574 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 572-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409