Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
574-бап. Кәсiпорынды жалдау кезiндегi кредит берушiлердiң құқықтары



Ст. 574 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Жалға алушыға борыштарын аударғаны туралы жалға берушi өз кредит берушiлерiн жалдау шарты жасалғанға дейiн жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi, олар осындай аударумен келiспеген жағдайда хабарлама алған күннен бастап үш айдың ішінде жалға берушіден тиісті мiндеттемелердi тоқтатуын немесе мерзiмiнен бұрын орындауын және залалды өтеуін талап етуге құқылы. Егер көрсетiлген мерзiмде осы талаптардың ешқайсысы қойылмаса, кредит беруші тиiстi борышты жалға алушыға аударуға келiсiм бердi деп танылады.  

2. Кәсiпорын жалға алушыға жалға берушiден мiндеттемелердi тоқтатуды немесе мерзiмiнен бұрын орындауды талап еткен кредит берушiлермен есеп айырысу аяқталғаннан кейiн ғана берiлуi мүмкiн.  

3. Кәсiпорынды мүлiк кешенi ретiнде жалға бергеннен кейiн жалға берушi мен жалға алушы берiлген кәсiпорынның құрамына енгiзілген, жалға алушыға кредит берушiнiң келiсiмiнсiз аударылған борыштар бойынша бiрдей жауапты болады.

Статья 406 ...572 573 574 575 576 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 574-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409