Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 583 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
583-бап. Жалдау ақысының мөлшерi

1. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шартында жалдау ақысының мөлшерi көзделуге тиiс. Тараптардың жалдау ақысының мөлшерi туралы жазбаша түрде келiскен талаптары болмаған жағдайда үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты жасалмаған деп саналады. Бұл орайда осы Кодекстiң 385-бабының 3-тармағында көзделген баға белгiлеу ережелерi қолданылмайды.  

2. Үйдi немесе ғимаратты жалдау ақысы шартта үй (ғимарат) алаңының бөлiнiсiне немесе оның көлемiнiң өзге көрсеткiшiне белгiленсе, жалдау ақысы жалға алушыға берiлген үйдiң немесе ғимараттың нақты мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
Статья 406 ...581 582 583 584 585 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 583-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409