Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
604-бап. Мүлiктi тегiн пайдалану шарты



Ст. 604 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Мүлiктi тегiн пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бiр тарап (несие берушi) екiншi тарапқа (несие алушыға) мүлiктi тегiн уақытша пайдалануға бередi, ал соңғысы мүлiктiң қалыпты тозуын ескере отырып, қандай күйде алса, сондай күйде немесе шартта ескертілген күйде қайтаруға мiндеттенедi.  

2. Мүлiктi тегiн пайдалану шартына тиiсiнше осы Кодекстiң 541-бабының, 545-бабының 1-тармағының және 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнiң, 550-бабының, 555-бабының, 556-бабының 2-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларының, 558-бабының ережелерi қолданылады. 

3. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартына Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктерге қоса осы Кодекстің ережелері қолданылады. 

Ескерту. 604-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 


Статья 406 ...602 603 604 605 606 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 604-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409