Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
616-бап. Мердiгерлiк шарты



Ст. 616 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң тәуекелiмен орындалады.  

2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер тапсырысшының тапсырмасын орындау әдiстерiн дербес айқындайды.  

3. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне (тұрмыстық мердiгерлiк, құрылыс мердiгерлiгi, жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк, ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк), егер осы Кодекстiң бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.  

4. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерi бойынша қатынастар осы Кодекспен қатар мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiмен де реттеледi.

Статья 406 ...614 615 616 617 618 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 616-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409