Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
620-бап. Жұмыстың орындалу мерзiмдерi



Ст. 620 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Мердiгерлiк шартта жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi мерзiмi көрсетiледi. Тараптардың арасындағы келiсiм бойынша шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi (аралық мерзiмдерi) де көзделуi мүмкiн.  

Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi, сонымен қатар аралық мерзiмдерiнiң бұзылғаны үшiн жауапты болады.  

2. Жұмыс орындаудың мердiгерлiк шартта көрсетiлген бастапқы, түпкi және аралық мерзiмдерi шартта көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша өзгертілуі мүмкін.

Статья 406 ...618 619 620 621 622 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 620-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409