Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 649 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
649-бап. Тапсырысшының орындалған жұмыс нәтижесiн алуға келмеуiнiң зардабы

1. Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесiн алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан өзгедей жалтарған жағдайда мердiгер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап екi ай өткен соң мердiгерлiк нысанасын қисынды бағаға сатуға, ал одан түскен соманы, мердiгерге тиесiлi барлық төлемдi шегерiп, осы Кодекстiң 291-бабына сәйкес тапсырысшының атына нотариустың депозитіне салуға құқылы.  

2. Осы баптың 1-тармағында аталған жағдайларда мердiгер мердiгерлiк нысанасын сатудың орнына оны ұстап қалу (осы Кодекстiң 624-бабы) немесе тапсырысшыдан келтiрiлген залалды өндiрiп алу құқығын пайдалана алады.
Статья 406 ...647 648 649 650 651 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 649-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409