Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
652-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлісу



Ст. 652 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Құрылыс объектiсi жұмысты өткiзудiң шартта белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн дүлей күштiң салдарынан қираған немесе бүлiнген кезде тапсырысшы, егер шартта өзгеше көзделмесе, орындалған және (немесе) қалпына келтiру жұмыстарының құнын төлеуге мiндеттi.  

2. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмай қалу қаупiн олар өткiзiлгенге дейiн тапсырысшы көтередi.  

3. Жұмыстың кездейсоқ қымбаттау қаупiн мердiгер көтередi.  

4. Шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелдi мердiгердiң көтеретiндiгi көзделуi мүмкiн (құрылысты толық аяқтау).  

5. Шартта мердiгердiң тәуекелдерiн сақтандыру көзделуi мүмкiн. Бұл жағдайда сақтандыру жөнiндегi шығындар орындалған жұмыстар үшiн сыйақыны айқындау кезiнде ескерiлетiн құрылыс жөнiндегі шығыстарға енгiзiледi.

Статья 406 ...650 651 652 653 654 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 652-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409