Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
655-бап. Жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу



Ст. 655 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Тапсырысшы жобалау-сметалық құжаттамаға мердiгер үшiн қосымша шығындарға және (немесе) жұмыстың орындалу мерзiмiн ұзартуға байланысы жоқ өзгерiстер енгiзудi талап етуге құқылы.  

2. Мердiгер үшiн қосымша шығындарды керек ететiн жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу тараптардың келiсiлген қосымша сметасының негiзiнде тапсырысшының есебiнен жүзеге асырылады.  

3. Егер мердiгерге байланыссыз себептермен жұмыс құны сметадан кемiнде он процентке асып кетсе, ол сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы.  

4. Жобалау-сметалық құжаттамадағы, мұндай құжаттама өзiнiң тапсырысы бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, мердiгер жобалау-сметалық құжаттамада жаңсақтықтарды анықтауға және жоюға байланысты шығарған қисынды шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.

Статья 406 ...653 654 655 656 657 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 655-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409