Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
676-бап. Шарт туралы мәлiметтердiң құпиялылығы



Ст. 676 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



Егер ғылыми-зерттеу жұмыстарына не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шартта өзгеше көзделмесе:  

1) мердiгер (атқарушы) де, тапсырысшы да шарттың нысанасына, оның орындалу барысына және алынған нәтижелерге қатысты мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi. Құпия деп танылатын мәлiметтердiң көлемi шартта белгiленедi;  

2) мердiгер аталған шарт бойынша алынған жұмыс нәтижелерiн тек тапсырысшының келiсiмiмен ғана патенттеудi жүзеге асыруға құқылы.

Статья 406 ...674 675 676 677 678 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 676-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409