Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
697-бап. Кiре ақысы



Ст. 697 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүкті тасымалдау үшін тараптардың келiсiмiнде белгiленген ақы төленедi.  

2. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi тасымалдауға ақы төлеу көлiк туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн тарифтер негiзiнде айқындалады.  

3. Жүк иелерiнiң талабы бойынша орындалатын және тарифтерде көзделмеген жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ақы тараптардың келiсiмi бойынша төленедi.  

4. Тасымалдаушының өзiне тасымалдау үшiн берiлген жүктер мен теңдеме жүктi оған тиесiлi кiре ақысын және тасымалдау жөнiндегi басқа да төлемдердi (осы Кодекстiң 292-бабы) қамтамасыз ету үшiн, егер заң актiлерiнде, тасымалдау шартында өзгеше белгiленбесе немесе міндеттеме мәнiнен туындамаса, ұстап қалуға құқығы бар.

Статья 406 ...695 696 697 698 699 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 697-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409