Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
701-бап. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелердiң бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк



Ст. 701 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда, тараптар осы Кодексте, көлiк туралы заң актiлерiнде, өзге заң актiлерiнде, сондай-ақ тараптардың келiсiмiнде белгiленгендей жауапты болады.  

2. Көлiк ұйымдарының жолаушылармен және жүк жөнелтушiлермен (жүк алушылармен) заң актiлерiнде белгiленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы келiсiмдерi, жүктi тасымалдау кезiнде мұндай келiсiмдер жасау мүмкiндiгi көлiк туралы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда, маңызсыз болады. 

Ескерту. 701-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 406 ...699 700 701 702 703 ...1124

Перейти к статье







Добавить комментарий к 701-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409