Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
702-бап. Тасымалдаушының көлiктi бермегенi үшiн және жөнелтушiнiң берiлген көлiк құралдарын пайдаланбағаны үшiн жауапкершiлiгi



Ст. 702 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Тасымалдаушы қабылданған өтiнiмге (тапсырысқа) немесе өзге шартқа сәйкес жүктi тасымалдау үшiн көлiктi бермегенi үшiн, ал жөнелтушi жүктi ұсынбағандығы не өзге себептер бойынша берiлген көлiк құралдарын пайдаланбағаны үшiн көлiк туралы заң актiлерiнде, сондай-ақ тараптардың келiсiмiнде белгiленгендей жауапты болады.  

2. Тасымалдаушы және жүктi жөнелтушi көлiк құралдары берiлмеген немесе уақтылы берiлмеген не көлiк құралдары пайдаланылмаған жағдайда, егер ол:  

1) дүлей күштің;  

2) көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген тәртiппен белгiленген белгiлi бiр бағыттарда жүктердi тасымалдауды тоқтатудың немесе шектеудiң;  

3) заң актілерiнде көзделген өзге де жағдайлардың салдарынан болса, жауаптылықтан босатылады.

Статья 406 ...700 701 702 703 704 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 702-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409