Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
704-бап. Тасымалдаушының жолаушыны жөнелтудi кiдiрткенi үшiн жауапкершiлiгi

Ст. 704 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Жолаушыны тасымалдайтын көлiк құралын жөнелтудi кiдiрткенi немесе мұндай көлiк құралының баратын жерiне кешiгiп барғаны үшiн (қалалық және қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, егер кiдiрту немесе кешiгу дүлей күштiң салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлiк туралы тиiстi заң актiлерiнде белгiленген мөлшерде айыппұл төлейдi.  

2. Жолаушы көлiк құралы жөнелтiлуiнiң кiдiруi себебiнен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға кіре ақысын толық көлемiнде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кiдiртуге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
Статья 406 ...702 703 704 705 706 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 704-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409