Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
728-бап. Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың ерекшелiктерi



Ст. 728 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың мынадай ерекшелiктерi бар: 

1) банктік қарыз шарты бойынша банк немесе уәкiлеттi мемлекеттік органның банктік қарыз операцияларына лицензиясы бар өзге де заңды тұлға қарыз берушi ретінде әрекет етеді; 

2) микрокредит беру туралы шарт бойынша микроқаржы ұйымы қарыз беруші ретінде әрекет етеді; 

3) алдағы уақытта берiлуi мүмкiн ақша банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың нысанасы болып табылады. Соңғы жағдайда, егер осы шарттарда өзгеше көзделмесе, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт олар жасалған кезiнен бастап (осы Кодекстiң 393-бабының 1-тармағы) күшiне енген болып есептеледi; 

4) банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың жарамсыздығына алып келеді; 

5) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, банктік қарыз шартында, микрокредит беру туралы шартта банктің немесе уәкілетті мемлекеттік органның банктік қарыз операцияларына лицензиясы бар өзге де заңды тұлғаның, микроқаржы ұйымының шарт талаптарын біржақты өзгерту құқығын көздейтін талап қамтылмайды; 

6) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында не Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктік қарыз шартына, микрокредит беру туралы шартқа осы Кодекстің 722-бабы 2-тармағының ережелері қолданылмайды; 

7) қарыз алушы қарыз, микрокредит нысанасының кезекті бөлігін қайтару және (немесе) сыйақы төлеу үшін белгіленген мерзімді күнтізбелік қырық күннен асырып бұзған кезде, банктік қарыз шартына, микрокредит беру туралы шартқа осы Кодекстің 722-бабы 3 және 4-тармақтарының ережелері қолданылады. 

Банктерге осы банк эмитенті болып табылатын акциялармен қамтамасыз етілген қарыздар не осы акцияларды иеленуге арналған қарыздар беруге тыйым салынады. 

Ескерту. 728-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

37-тарау. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг)


Статья 406 ...726 727 728 729 730 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 728-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409