Ст. 756 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
756-бап. Банк салымы шарты
Банк салымы шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрi үшiн заң актiлерiнде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша салымды қайтаруға мiндеттенедi. Салымдар түрiнiң әрқайсысы бойынша банктер клиенттiң ақшасын есепке алу мақсатында оған бiрыңғайландырылған дербес код бередi. Бiрыңғайландырылған дербес кодты беру, жою, клиенттiң ақшасына есеп жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленедi.
Банк салымдарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 756-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 , 2009.02.12. N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Добавить комментарий к 756-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409