Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 759 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
759-бап. Банк салымы шартының қолданылу мерзiмi

1. Банк салымы шарты салым сомасы банкке келiп түскен күннен бастап жасалған болып саналады.  

2. Талап етiлмелi банк салымы шарты мерзiмсiз болып табылады.  

РҚАО-ның ескертпесі!

2-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Салымшы мерзiмдi және (немесе) жинақ салымдарының сомасын олардың мерзiмi өткеннен кейiн, сондай-ақ шартты салымның сомасын банк салымы шартты салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар пайда болғаннан кейiн талап етпесе, егер шартта өзгеше көзделмесе, банк салымы шарты талап етiлмелi салым шарттарымен ұзартылған болып саналады.  

Ескерту. 759-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 406 ...757 758 759 760 761 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 759-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409