Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 760 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
760-бап. Банк салымы шарты бойынша сыйақы

1. Банк салымшыға осы баптың ережелерін ескере отырып, банк салымы шартында белгiленетiн мөлшерде салым сомасына сыйақы төлейдi.  

1-1. Талап етілгенге дейінгі салым бойынша сыйақы мөлшері банктік салым шартымен белгіленеді, бірақ ол жылдық 0,1 пайыздан аса алмайды. 

1-2. Мерзімді және жинақ салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі тіркелген немесе құбылмалы болуы мүмкін. 

Мөлшері банктік салым шартында көзделген салым мерзімі ішінде төмендетілмейтін сыйақы мөлшерлемесі тіркелген сыйақы мөлшерлемесі болып табылады. 

Мөлшері банктік салым шартында көзделген талаптарға сәйкес өзгертілетін сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы сыйақы мөлшерлемесі болып табылады. 

Банктік салым шарты бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі, оның қолданылу шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Банк салымы шартында көзделген сыйақы мөлшерін ұлғайту немесе салым мерзімін ұзарту жағдайларын қоспағанда, банк салымдар бойынша сыйақы мөлшерiн бiржақты тәртiппен өзгертуге құқылы емес. 

РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 760-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.11.29 N 486, 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 406 ...758 759 760 761 762 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 760-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409