Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 761 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
761-бап. Банк салымы шарты бойынша сыйақы төлеудiң тәртiбi

1. Банк салымы шарты бойынша банк сыйақыны банк салымы шартында белгiленген тәртiппен және мөлшерде төлейдi.  

2. Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың 3-тармағында көрсетілген банктік салымдар бойынша сыйақы салымшыға оның талап етуi бойынша әр тоқсан аяқталғаннан кейiн салым сомасынан бөлек төленедi, ал бұл мерзiмде талап етiлмеген сыйақының сомасы салымның сыйақы төленетiн сомасын арттырады.  

Салымды қайтару кезiнде салымшыға сол кездегі оған тиесілі барлық сыйақы төленедi.  

3. Мерзімді салымдар бойынша салымшы салым бойынша өзіне тиесілі сыйақыны салым мерзімі өткенге дейін оның сомасынан бөлек алуға құқылы. Егер банктік салым шартында өзгеше көзделмесе, мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшері банк талап етілгенге дейінгі салымдар үшін қолданатын мөлшерге қолданылатындай түрде қайта есептеледі. Салым мерзiмi өткен соң салымшы өзінің салымды талап ететініне немесе талап етпейтініне қарамастан, өзiне тиесілі сыйақыны толық мөлшерде алуға құқылы (осы Кодекстiң 759-бабының 3-тармағы). 

4. Сыйақы салымды қайтару үшiн көзделмеген мерзiмдерде және нысанда төленедi (осы Кодекстiң 765-бабы).  

5. Салымды толық қайтару кезiнде салымшыға сол кездегi өзiне тиесiлi барлық сыйақы төленедi.  

Ескерту. 761-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 406 ...759 760 761 762 763 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 761-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409