Ст. 765 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
765-бап. Банк салымдарын қайтару
1. Банк салымды немесе оның бiр бөлiгiн салымшының алғашқы талап етуi бойынша: 1) талап етiлмелi салымдар бойынша - салымшы талаптарының келiп түсуi бойынша;
2) мерзiмдi салымдар және жинақ салымдары бойынша - банк салымы шартында көзделген мерзiмнiң басталуы бойынша;
3) шартты салымдар бойынша - банк салымы шарты басталуымен салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар болған кезде беруге мiндеттi.
2. Салымшының мерзiмдi салымды мерзiмiнен бұрын ішінара және (немесе) толық қайтарып алуға құқығы бар.
Салымшының жинақ салымын мерзімінен бұрын толық қайтарып алуға құқығы бар.
2-1. Банк мерзімді немесе шартты салымды немесе оның бір бөлігін салымшының талабы келіп түскен кезден бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей беруге міндетті.
Банк жинақ салымын салымшының талабы келіп түскен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен ерте емес беруге міндетті.
3. Шартты салымдар бойынша салымшының банк салымы шарты салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар басталғанға дейiн салымды қайтарып алуға құқығы бар. Бұл ретте банк салымды немесе оның бiр бөлiгiн осы баптың 2-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзiмде беруге мiндеттi.
4. Салымшының мерзiмдi салымды мерзiмiнен бұрын алу құқығынан бас тартуы туралы банктік салым шартының, сондай-ақ шартты салымның ережесi, көзделген талаптар басталғанға дейiн маңызсыз болып табылады.
5. Шетел валютасымен енгiзiлген салым, егер заң актiлерiнде, банк салымы шартында немесе тараптардың қосымша келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, нақ сондай валютамен қайтарылуға тиiс.
6. Банк салымшының салымды немесе оның бiр бөлiгiн қайтару туралы талабын осы баптың 2-1-тармағында көзделген мерзiмде орындамаған жағдайда сыйақыны төлеу банк салымы шартында көзделген талаптарда жалғастырылады.
6-1. Осы баптың қағидалары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайтарылуын қоспағанда, кепіл нысанасы болып табылатын салымдарға, қайтарылуы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарымен шектелген салымдарға, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған салымдарға қолданылмайды.
7. Банктік салымды беру:
1) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген;
2) төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу шаралары қолданылған не банкті лицензиядан айырған кезде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.
Ескерту. 765-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2000.03.29 № 42, 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 № 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
Жан
Нурман
Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»
Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?
Приговор был такой:
………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.
Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.
Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.
Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?
Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей