Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
787-бап. Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында сақтау



Ст. 787 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Көлiк ұйымдарының қарамағындағы сақтау камералары жол жүру құжаттарының болуына қарамастан жолаушылардың және өзге де азаматтардың заттарын сақтауға қабылдауға мiндеттi. Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты жария шарт деп танылады (осы Кодекстiң 387-бабы).  

2. Заттардың сақтау камерасына (автоматты камерадан басқа) қабылдануын растап жүк берушiге түбiртек немесе нөмiрлi жетон берiледi. Түбiртек немесе жетон жоғалған жағдайда сақтау камерасына өткiзiлген заттар жүк берушiге бұл заттардың оған тиесiлi екендiгiне дәлелдер көрсетуi бойынша берiледi.  

3. Сақтау камерасына өткiзiлген заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен жүк берушi шеккен залалдардың сомасы, егер заттарды сақтауға өткiзу кезiнде оған бағалау жүргiзiлген болса не егер тараптар өтелуге тиiстi залалдардың сомасына қатысты келiсiмге келген болса, жүк берушiге тәулiктiк мерзiмде төленедi.  

4. Заттар сақтау камерасына арнайы ережелерде немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленген шектердегi мерзiмге өткiзiледi. Көрсетiлген мерзiмде талап етiлмеген заттарды сақтау камерасы тағы да үш ай бойына сақтауға мiндеттi. Бұл мерзiм өткен соң талап етiлмеген заттар сатылуы, ал сатудан түскен сомалар осы Кодекстiң 781-бабына сәйкес бөлiнуi мүмкiн.


Статья 406 ...785 786 787 788 789 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 787-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409