Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
793-бап. Тауар қоймасының мiндеттерi



Ст. 793 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Тауар қоймасы стандарттарда, техникалық талаптарда, технологиялық нұсқаулықтарда, сақтау жөнiндегi нұсқаулықтарда, тауарлардың жекелеген түрлерiн сақтау ережелерiнде, қойма үшiн мiндеттi өзге де арнаулы нормативтiк құжаттарда белгiленген сақтау талаптарын (режимiн) сақтауға мiндеттi.  

2. Тауар қоймасы сақтауға қабылдау кезiнде өз есебінен тауарларға тексеру жүргiзуге мiндеттi.  

3. Тауар қоймасы, тауар иесiне тауарларды немесе олардың үлгiлерiн тексеру, егер сақтау иесiздендiре отырып жүзеге асырылатын болса, байқап көру және тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қабылдауға мүмкiндiк беруге мiндеттi.  

4. Тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн сақтау жағдайын дереу өзгерту қажет болған жағдайда тауар қоймасы талап етiлген шұғыл шараларды өз бетiнше қабылдауға құқылы. Ол тауар иесiне қабылданған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi.  

5. Тауардың бүлiнуi байқалған жағдайда қойма дереу акт жасауға және тауар иесiн оның тауар қоймасына мәлiмдеген мекен-жайы бойынша хабардар етуге мiндеттi.

Статья 406 ...791 792 793 794 795 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 793-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409