Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
799-бап. Қос қойма куәлiгi

Ст. 799 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Қос қойма куәлiгi мазмұны бойынша бiрдей және қажет болған жағдайда бiреуiн басқасынан айыруға болатын қойма куәлiгiнен және кепiлдiк куәлiктен (варранттан) тұрады.  

2. Қос қойма куәлiгiнiң әр бөлiгiнде:  

1) қос қойма куәлiгiнiң тиiстi бөлiгiнiң атауы;  

2) тауарды сақтауға қабылдаған қойманың атауы мен мекен-жайы;  

3) қойма тiзiлiмi бойынша қойма куәлiгiнiң ағымдағы нөмiрi;  

4) сақтауға тауар қабылданған ұйымның атауы немесе азаматтың аты-жөнi, сондай-ақ тауар иесiнiң орналасқан жерi (тұрғылықты жерi);  

5) тауардың атауы мен мөлшерi, тауарларға арналған орындардың саны;  

6) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, қабылданған тауардың сомасы;  

7) сақтауға алынған тауардың, егер бұлай белгiленетiн болса, сақталу мерзiмi;  

8) сақтауға ақы төлеудiң тарифтерi мен тәртiбі;  

9) қойма куәлiгiнiң берiлген күнi;  

10) уәкiлеттi адамның қолтаңбасы және тауар қоймасының мөрi  

(ол болған кезде) көрсетiлуге тиiс. 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қос қойма куәлiгiнiң нысаны мен мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.  

Ескерту. 799-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 225; № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 406 ...797 798 799 800 801 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 799-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409