Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
815-бап. Сақтандырылған адам



Ст. 815 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Сақтандырылған адам - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.  

Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған адам болып табылады.  

2. Заңнамалық актілермен сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыруды жүзеге асыру мiндетi жүктелуi мүмкiн. Өз еркiмен сақтандыру кезiнде сақтанушы үшiншi тұлғаны сақтандыру шартында сақтандырылған адам ретінде айқындай алады. Бұл жағдайларда сақтандырылған адамның жеке басы және соған байланысты оның мүдделері (сақтандырылған адамды жеке сақтандыру) не сақтандырылған адамның мүлкі және мүліктік мүдделері (сақтандырылған адамның мүліктік сақтандырылуы) сақтандыру объектiсi болады.  

Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам бұл мүлiктiң сақталуына мүдделi болуға тиiс.  

3. Егер шарттың талаптары бойынша сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адамға белгiлi бiр мiндеттер жүктелген болса, сақтанушы осы шартты жасасуға сақтандырылған адамның келісімін алуы тиіс.  

Мiндеттi сақтандыру кезiнде, сондай-ақ топтастырылып иесіздендірілген сақтандыру кезінде, шарт жасасу үшін оның өзі сақтандырылған адам ретiнде көрiнетiн үшiншi адамның келiсiмi талап етiлмейдi.  

Өз еркiмен сақтандыру кезiнде адамдардың оның жеке басын немесе мүлкiн сақтандыру жөнiндегi қарсылығы шарт жасасудың мүмкiн еместiгiне, ал егер ол жасалып қойған болса - шарттың бұзылуына әкеп соғады.  

4. Сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндетi жүктелген жағдайда, аталған тұлға сақтанушыдан бұл мiндеттiң орындалуы туралы есеп талап етуге, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда - оның сақтандырылған адам болып табылатындығын дәлелдейтiн құжатты алуға құқылы.  

Сақтанушы үшiншi адамды сақтандыру жөнiндегi өз мiндетiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, соңғысы осы Кодекстiң 808-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген шараларды қолдануға құқылы.  

5. Кәмелетке толмаған азамат сақтандырылған болып табылатын жағдайда оның құқықтары осы Кодекстiң 22-24-баптарында көзделген тәртiппен iске асырылады.  

6. Сақтандырылған адамның пайдасына шарт жасасу, сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды.  

Үшiншi адамды сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады.  

7. Сақтандырылған адам шартқа сәйкес өзiне тиесiлi сақтандыру төлемiн алудан бас тартқан жағдайда сақтандыру төлемiн алу құқығы сақтанушыға көшедi.  

8. Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мұндай жағдайды көздемейтiн жеке басты сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта сақтандырылған адамды ауыстыру көзделмесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.  

Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы болса, бұл шарт онда көзделген талаптармен орындалады.  

Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мүлiктiк сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, сақтандырылған адамның құқықтары мен мiндеттерi сақтанушының келiсуiмен, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сол мүлiктiң және сақтандырылған адамның мүлiктiк құқықтарының мұрагерлерiне ауысады.  

Егер сақтанушы қайтыс болған сақтандырылған адамды ауыстыруға келiспесе не мұрагерлер оның сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қабылдауға келiспесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.  

9. Үшiншi адамның (сақтандырылған адамның) пайдасына жасалған сақтандыру шартына осы Кодекстiң 391-бабының осы бап ережелерiне қайшы келмейтiн бөлiгiндегi ережелерi қолданылады.  

Ескерту. 815-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 , 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
 


Статья 406 ...813 814 815 816 817 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 815-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409