Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
816-бап. Пайда алушы



Ст. 816 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Пайда алушы - сақтандыру шартына немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiне сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға.  

Заңды тұлға да, азамат та пайда алушы бола алады.  

Пайда алушы жеке де, мүлiктiк те сақтандыру бойынша тағайындала алады.  

Сақтандырудың мiндеттi түрi бойынша пайда алушы сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заң актiлерiмен айқындалады, ерiктi түрi бойынша оны сақтанушы тағайындайды.  

2. Егер мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде немесе өз еркiмен сақтандыру туралы шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады.  

Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы сақтандырылған адам болуы тиіс не ол сақтандырылған адамның жазбаша келiсiмi бойынша тағайындалады.  

Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетiлмесе, ол сақтандырылған адам деп ұйғарылады.  

3. Алып тасталды - ҚР 20.02.2006 № 128 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

4. Алып тасталды - ҚР 18.12.2000 № 128 Заңымен (жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi). 

5. Сақтандырылған адам бір мезгілде пайда алушы болып табылатын жағдайда соңғысына осы Кодекстiң 815-бабында көзделген ережелер қолданылады.  

6. Сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда алушы қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының құқықтарынан бас тартса, соңғысының құқығы сақтанушыға ауысады.  

Сақтандырылған болып табылатын пайда алушы қайтыс болған жағдайда осы Кодекстiң 815-бабының 8-тармағында көзделген зардап туындайды.  

7. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы, сақтандыру шартында көзделген жағдай болып табылса, онда бұл сақтандырылған адам сақтанушы болмаған күнде де, болған күнде де, бірақ шартта пайда алушы көрсетiлмесе, сақтандырылған адамның мұрагерлерi пайда алушылар деп танылады.  

8. Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей сақтандырушыға сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемiн төлеу туралы талап қоюға құқылы.  

9. Пайда алушының пайдасына шарт жасасу сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды.  

Ескерту. 816-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен , 2006.02.20. N 128 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).


Статья 406 ...814 815 816 817 818 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 816-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409