Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 825-1 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
825-1-бап. Сақтандыру ережелерi

1. Сақтандырушы сақтандыру ережелерін сақтандырудың әрбір түрі бойынша әзірлейді және олар осы баптың талаптарына сәйкес келуге тиіс. 

2. Сақтандыру ережелерiнде:  

1) сақтандыру объектiлерiнiң тiзбесi;  

2) сақтандыру сомасын анықтау тәртiбi;  

3) сақтандыру жағдайларының тізбесі;;  

4) сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақтандыруды шектеу;  

5) сақтандыру шартының қолданылу мерзiмi мен орны;  

6) сақтандыру шартын жасасу тәртiбi;  

7) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;  

8) сақтанушының сақтандыру жағдайы туған кездегi iс-әрекетi;  

9) сақтандыру жағдайының туғандығын және шығын мөлшерiн растайтын құжаттар тiзбесi;  

10) сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен шарттары; 

10-1) сақтанушыға немесе сақтандырылушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабарлау мерзімі; 

11) сақтандыру төлемi немесе сақтандыру төлемiн жасаудан бас тарту туралы шешiмдi қабылдаудың мерзiмi;  

12) сақтандыру шартын тоқтату талаптары;  

13) дауларды шешу тәртібі, оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша дауларды реттеу ерекшеліктері; 

14) алынып тасталды;

15) қосымша талаптар болуға тиіс.  

3. алынып тасталды.

4. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келісім бойынша сақтандыру қағидаларының негiзiнде сақтандыру қағидаларының жекелеген ережелерін өзгерту, алып тастау, сондай-ақ сақтандыру шартын жасасу кезінде айқындалатын қосымша талаптар көзделетін сақтандыру шарттары жасалуы мүмкiн. 

4-1. Сақтандыру қағидаларында қамтылатын және сақтандыру шартының мәтініне енгізілмеген талаптар, егер шартта осындай қағидаларды қолдану тікелей көрсетілсе және қағидалар шартта жазылса не оған қоса берілсе, тараптар үшін міндетті. Соңғы жағдайда шарт жасасу кезінде сақтанушыға сақтандыру қағидалары беруді тараптар шартта куәландыруға тиіс. 

5. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

Ескерту. Кодекс 825-1-баппен толықтырылды - ҚР 2000.12.18 № 128, өзгертулер енгізілді - 2003.07.10 № 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) ; 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 406 ...824 825 825‑1 826 826‑1 ...1124

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться