Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
826-3-бап. Бас полистi ресiмдеу жолымен шарт бойынша сақтандыру



Ст. 826-3 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Сақтанушының сақтандырушымен келiсiмi бойынша бiртектi мүлiктiң (тауарлардың, жүктердiң және т.с.с.) әр түрлi топтамаларын ұқсас жағдайларда белгiлi бiр мерзiм iшiнде жүйелi сақтандыру сақтандырудың бiр шарты - бас полис негiзiнде, оны сақтанушыға беру жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн.  

2. Сақтанушы осы баптың 1-тармағында аталған шарттың күшi қолданылатын мүлiктiң әрбiр топтамасына қатысты мұндай шартта көзделген мәлiметтердi сақтандырушыға ол көздеген мерзiмде хабарлауға, ал егер ол көзделмесе, оны алғаннан кейiн дереу хабарлауға мiндеттi. Сақтанушы, тiптi, мұндай мәлiметтердi алған кезде сақтандырушы өтеуге тиiстi шығынның болу мүмкiндiгi iске аспай қалса да, бұл мiндеттен босатылмайды.  

3. Сақтанушының талап етуiмен сақтандырушы осы баптың 1-тармағында аталған шарттың күшi қолданылатын мүлiктiң жекелеген топтамалары бойынша сақтандыру полистерiн беруге мiндеттi.  

Сақтандыру полисiнiң мазмұны бас полиске сәйкес келмеген жағдайда сақтандыру полисiне басымдық берiледi.  

Ескерту. 826-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .


Статья 406 ...826-1 826-2 826-3 827 828 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 826-3-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409