Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
827-бап. Сақтандыру шартының қолданылуы



Ст. 827 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөлiп-бөлiп төлеу кезiнде, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, бiрiншi сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.  

2. Сақтандыру шарты, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, алғашқы басталған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезден бастап қолданылуын тоқтатады.  

3. Сақтандырып қорғаудың қолданылу мерзiмi, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзiмiне дәл келедi.  

Ескерту. 827-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .


Статья 406 ...826-2 826-3 827 828 829 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 827-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409