Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
836-бап. Сақтанушыны ауыстыру



Ст. 836 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Мүлiктi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi мұрагерлiк тәртiбiмен осы мүлiктi қабылдаған адамға ауысады. Меншiк құқықтары (немесе өзге де заттық құқықтары) ауысуының басқа жағдайларында сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi, егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, сақтандырушының келiсуiмен жаңа меншiк иесiне (немесе өзге де заттық құқықтардың иесiне) ауысады.  

2. Жеке сақтандыру шартын сақтандырылған адамның пайдасына жасаған сақтанушы қайтыс болған жағдайда, осы шартта айқындалған құқықтар мен мiндеттер оның келiсімiмен сақтандырылған адамға ауысады. Сақтандыру шарты бойынша міндеттерді сақтандырылған адамның орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оның құқықтары мен міндеттері заң актілеріне сәйкес оның құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асырушы тұлғаларға ауысуы мүмкiн.  

3. Заңды тұлға болып табылатын сақтанушыны қайта ұйымдастырған кезде, сақтандыру шарты қолданылу кезеңiндегi оның осы шарт бойынша құқықтары мен мiндеттерi сақтандырушының келiсуiмен, осы Кодексте айқындалған тәртiппен тиiстi құқықтық мирасқорға ауысады.

Статья 406 ...834 835 836 837 838 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 836-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409