Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
837-бап. Сақтандырылған адамды ауыстыру



Ст. 837 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықты сақтандыру шарты бойынша (осы Кодекстiң 811-бабы) сақтанушының емес, өзге тұлғаның жауаптылығы сақтандырылған жағдайда, сақтанушы шартта өзгеше көзделмегендiктен, бұл туралы сақтандырушыға жазбаша хабарлап, сақтандыру жағдайы басталғанға дейін кез келген уақытта бұл тұлғаны басқасымен ауыстыруға құқылы.  

2. Жеке сақтандыру, сондай-ақ мүлiктiк сақтандыру шартында аталған сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам тек өзінің (топтастырылған жеке сақтандыруды қоспағанда,)және сақтандырушының келісімі бойынша ғана басқа тұлғамен ауыстырылуы мүмкiн.  

3. Егер үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнiң талаптарынан туындайтын болса, сақтандырылған адамды ауыстыру заң актілерінде көрсетілген тәртiппен және соларға негiзделген шартпен жүзеге асырылады.  

Ескерту. 837-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .


Статья 406 ...835 836 837 838 839 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 837-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409