Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
838-бап. Пайда алушыны ауыстыру



Ст. 838 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн сақтандырылған адам болып табылмайтын, сақтандыру шартында аталған пайда алушыны, бұл жөнiнде сақтандырушыны жазбаша хабардар етіп, басқа адаммен ауыстыруға құқылы.  

2. Пайда алушыны оның сақтанушымен жасаған келiсiмiнен туындайтын белгiлi бiр мiндеттердi сақтандыру шарты бойынша орындағаннан немесе сақтандырушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөнiндегi талап қойғаннан кейін басқа адаммен ауыстыруға болмайды.  

3. Сақтандырылған адам болып табылатын пайда алушыны ауыстыру осы Кодекстің 837-бабында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.  

Ескерту. 838-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .
 


Статья 406 ...836 837 838 839 840 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 838-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409