Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
843-бап. Сақтандыру шартының жарамсыздығы



Ст. 843 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Мәмiлелер жарамсыздығының осы Кодексте көзделген жалпы негiздемесiнен басқа, сақтандыру шарты мына жағдайларда, егер:  

1) шарт жасасу кезiнде сақтандыру объектiсi болмаса;  

2) алып тасталды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) соттың заңды күшіне енген тиісті шешімінің негізінде тәркіленуге жататын мүлік не қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың нысанасы болып табылатын мүлік сақтандыру объектісі болып табылса; 

4) басталу мүмкiндiгі мен кездейсоқтық белгiлерi жоқ (осы Кодекстiң 817-бабының 3-тармағы) және шарттың қолданылуы шегiнде амалсыз әрi нақты болуға тиiс оқиға сақтандыру жағдайы ретiнде көзделсе, бұл туралы тараптар немесе, кем дегенде, сақтанушы алдын ала білген болса;  

5) сақтанушы шарт жасасу кезiнде заңсыз пайда табуды алдын ала мақсат еткен болса, оның iшiнде сақтандыру жағдайы басталған соң шарт жасалса, жарамсыз деп танылады. 

6)-7) алып тасталды;

8) алып тасталды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

9) алып тасталды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Сақтандыру шарты мына жағдайларда: 

1) егер құқыққа қайшы мүліктік мүдделер сақтандыру объектісі болса (осы Кодекстің 807-бабының 2-тармағы); 

2) сақтандырылған адамның келiсiмiн алу мiндеттi болып табылатын жағдайларда оның келiсiмi болмаса; 

3) шарттың жазбаша нысаны сақталмаса (осы Кодекстің 825-бабының 3-тармағы) маңызсыз болады. 

3. Міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде сақтандырудың жекелеген түрлерiне қатысты шартты жарамсыз деп танудың өзге де негiздерi көзделуi мүмкiн. 

Ескерту. 843-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 406 ...841 842 843 844 845 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 843-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409