Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
844-бап. Сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың салдары



Ст. 844 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Сақтандыру шарты жарамсыз деп танылған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға одан алған сақтандыру сыйлықақыларын не сақтандыру жарналарын қайтаруға, ал сақтанушы (пайда алушы) сақтандырушыға одан алған сақтандыру төлемiн қайтаруға мiндеттi.  

Егер шарт сақтанушының заңсыз iс-әрекеттерiнiң салдарынан туындаған негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, ол туралы сақтандырушы шарт жасалған кезде, оны орындау процесiнде де бiлмесе және бiлуге тиiстi болмаса, сақтандырушы шыққан шығындарды шегере отырып, сақтанушыға шарттың аяқталмаған мерзiмi үшiн сақтандыру сақтандыру сыйлықақыларын не сақтандыру жарналарын қайтарады, ал егер сақтандыру төлемi жүргiзiлген жағдайда оның төленген соманы қайтаруды талап етуге құқығы бар.  

Сақтандырушыға сақтандыру төлемiнен бас тартуда негiз беретiн себептер бойынша сақтандыру шарты жарамсыз деп танылған жағдайда (осы Кодекстiң 839-бабы) нақ сондай салдар туындайды.  

2. Егер сақтандыру шарты қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған болса, осы Кодекстiң 157-бабының 4-6-тармақтарында көзделген салдар туындайды.  

Ескерту. 844-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.12.18. N 128 Заңымен .
 


Статья 406 ...842 843 844 845 845-1 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 844-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409