Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
851-бап. Сенiм ауысуы



Ст. 851 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Сенiм бiлдiрiлген өкiл, егер бұл шартта көзделген болса не сенiм бiлдiрiлген өкiл осыған сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғау мақсатындағы мән-жайлармен мәжбүр болса, тапсырманы орындауды басқа адамға (орынбасарға) беруге құқылы.  

2. Орындау сенiмiн басқа адамға ауыстырған бойда сенiм бiлдiрiлген өкiл бұл туралы сенiм бiлдiрушiге дереу хабарлауға тиiс. Сенiм бiлдiрушi, шартта мұндай орынбасар атап көрсетiлетiн жағдайларды қоспағанда, сенiм бiлдiрiлген өкiл таңдаған орынбасардан бас тартуға құқылы.  

3. Егер сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң орынбасары шартта атап айтылған болса, сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiнiң орынбасары жүргiзген iс үшiн жауап бермейдi.  

4. Егер орынбасардың iс жүргiзуi шартта көзделсе, бiрақ онда орынбасардың аты атап көрсетiлмесе, сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiнiң орынбасарының кiнәлi iс-әрекетi үшiн жауап бермейдi.  

5. Егер орынбасардың iс жүргiзуi шартта көзделмесе, сенiм бiлдiрiлген өкiл өз орынбасарының кез келген iс-әрекетi үшiн жауап  

береді.

Статья 406 ...849 850 851 852 853 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 851-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409