Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
869-бап. Қосалқы комиссия



Ст. 869 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Комиссионер қосалқы комиссионердiң iс-әрекетi үшiн комитент алдында жауапты бола отырып, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа тұлғамен қосалқы комиссия шартын жасасуға құқылы.  

Қосалқы комиссия шарты бойынша комиссионер, осы Кодекстiң 867-бабының 2-тармағында көзделген құқықтарды қоспағанда, қосалқы комиссионерге қатысты комитенттiң құқықтары мен мiндеттерiн иеленедi.  

Заң қандай да бiр мәмiлелердi тек уәкiлдiк берiлген адамдармен ғана жасауға жол беретiн жағдайларда қосалқы комиссия шарты тек осындай тұлғамен жасалуы мүмкiн.  

2. Комиссия шарты тоқтағанға дейiн, егер комитент комиссионермен жасаған шартта өзгеше көзделмесе, комитенттiң қосалқы комиссионермен тiкелей қатынас жасауға құқығы жоқ.

Статья 406 ...867 868 869 870 871 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 869-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409