Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
870-бап. Комитенттiң нұсқауларынан ауытқу



Ст. 870 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Комиссионердiң осы Кодекстiң 847-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда комитенттiң нұсқауларынан ауытқуға құқығы бар.  

2. Мүлiктi комитентпен келiскен бағадан төмен сатқан комиссионер, егер ол мүлiктi келiсiлген бағамен сатуға мүмкiндiк болмағанын және неғұрлым төмен бағамен сату бұдан да көп залалдан сақтағанын, сондай-ақ оның нұсқауларынан ауытқуға комитенттiң алдын ала келiсiмiн алуға мүмкiндiгi болмағанын дәлелдей алмаса, комитентке айырманы өтеуге мiндеттi.  

3. Егер комиссионер мүлікті комитентпен келісілгеннен жоғары бағамен сатып алса, мұндай затты қабылдағысы келмейтiн комитент үшiншi тұлғамен мәмiле жасалғандығы туралы хабар алған бойда бұл жөнiнде комиссионерге кешiктiрмей мәлiмдеуге мiндеттi. Олай болмаған жағдайда комитент сатып алынған затты қабылдады деп танылады.  

Егер комиссионер баға айырмасын өз есебiне алатынын хабарласа, комитенттің өзі үшін жасалған мәміледен бас тартуға құқығы жоқ.

Статья 406 ...868 869 870 871 872 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 870-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409