Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
873-бап. Комиссионердiң комитент мүлкiнiң жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауапкершiлiгi



Ст. 873 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Комиссионер өзiндегi комитент мүлкiнiң жоғалуына, кем шығуына немесе бүлiнуiне ұшыратқан әрбiр қателiгi үшiн комитент алдында жауап бередi.  

2. Егер комиссионердiң комитент жiберген мүлікті не комитентке арнап комиссионерге келiп түскен мүлiктi қабылдауы кезiнде бұл мүлiктi сырттай қараған кезде бүлiну немесе өзге де ақаулар байқалған болса, сондай-ақ комиссионердегi комитенттiң мүлкiне бiреулер зиян келтiрген жағдайда, комиссионер комитенттiң құқығын қорғау шараларын қолдануға, қажеттi айғақтар жинауға және осылар туралы комитентке дереу хабарлауға мiндеттi. Аталған шарттар орындалған жағдайда комиссионер комитенттiң шеккен залалдары үшiн жауап бермейдi.  

3. Комиссионер өз қарауында тұрған комитенттiң мүлкiн сақтандырмаған болса, бұл үшiн комитент оған мүлiктi сақтандыруды тапсырған немесе мүлiктi сақтандыру заң бойынша мiндеттi болған жағдайларда ғана жауап бередi.

Статья 406 ...871 872 873 874 875 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 873-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409