Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
878-бап. Комиссионердiң тапсырманы орындаудан бас тартуы



Ст. 878 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, комитенттiң өз мiндеттерiн бұзуы тапсырманы комитенттің нұсқауларына сәйкес орындаудың мүмкiн болмауына әкеп соғатын немесе атқарудың мүмкiн болмауы комиссионер жауап бермейтін өзге де жағдайлардың салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда, комиссионердің өзiне алған тапсырманы орындаудан бас тартуға құқығы жоқ.  

Комиссионер өзiнiң бас тартуы туралы комитентке жазбаша хабарлауға және өзіндегі комитент мүлкінің сақталуына шаралар қолдануға мiндеттi.  

Комиссионердiң тапсырманы орындаудан бас тартқандығы туралы хабардар етiлген комитент, егер шартта өзге мерзiм белгiленбесе, бас тартуды алған күннен бастап бiр айдың iшiнде комиссионердегi мүлiкке билiк етуге мiндеттi. Егер ол бұл мiндеттi орындамаса, комиссионер мүлiктi сақтауға өткiзуге не комитент үшiн мүмкiндiгiнше тиiмдi бағамен сатуға құқылы.  

2. Комитенттiң өз мiндеттерiн бұзуы салдарынан тапсырманы орындаудан бас тартқан комиссионердiң комиссиялық сыйақыға, сондай-ақ шыққан шығындардың орнын толтыруға құқығы сақталады.

Статья 406 ...876 877 878 879 880 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 878-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409