Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
884-бап. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару субъектiлерi



Ст. 884 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Меншiк иесi, сондай-ақ өзге де заттық құқық субъектiсi немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беруге уәкiлеттi құзыреттi орган құрылтайшы бола алады.  

2. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кез келген адам сенiмгер басқарушы бола алады.  

Сенiмгер басқарушы тек оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн.  

3. Сенiмгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам, сондай-ақ мемлекет немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пайда алушы (мүддесi үшiн мүлiктi басқару жүзеге асырылатын тұлға) бола алады.  

4. Егер заң актiлерiнде немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартында өзгеше көзделмесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы пайда алушы болып табылады.

Статья 406 ...882 883 884 885 886 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 884-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409