Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
885-бап. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару объектiлерi



Ст. 885 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және мүлiктiк құқықтарды қоса алғанда, кез келген мүлiк сенiмгерлiкпен басқару объектiсi бола алады.  

2. Сенiп тапсырылған мүлiктi сенiмгер басқарушы өзiне меншiк (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) құқығымен тиесiлi мүлiктен бөлек есепке алуға тиiс.  

3. Өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру процесiнде сенiм бiлдiрiлген басқарушы сатып алған және (немесе) алған мүлiк сенiп берiлген мүлiк құрамына енгiзiледi.  

4. Осы Кодекстiң 1081-бабында көзделген, сондай-ақ осы тұлғаның банкроттығы жағдайларын қоспағанда, құрылтайшының сенiмгерлiкпен басқаруға берген мүлкiне оның борыштары бойынша өндiрiп алуға жол берiлмейдi. 

5. Кепiлге салынған мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беру кепiл ұстаушыны осы мүлiктi өндiрiп алу құқығынан айырмайды. 

Ескерту. 885-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 


Статья 406 ...883 884 885 886 887 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 885-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409